Республика күні туралы 10 дерек

/
Республика күні туралы 10 дерек
сурет: istockphoto.com

25 қазан – Республика күні. 1990 жылғы Егемендік туралы Декларация Қазақстанның заң үстемдігін, аумақ тұтастығын, жеке азаматтығын, дербес бюджетін және Ұлттық банкін бекітті, сыртқы саясатта өз бетінше шешім қабылдауға жол ашты. Бүгін сол қағидалар реформалардың өзегіне айналды. Осынау айтулы мереке туралы 10 деректі назарларыңызға ұсынамыз.

  1. Мереке күні – 25 қазан. Заң бойынша бұл – елдегі жалғыз ұлттық мереке.  
  2. 25 қазан 1990 жылы Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданған күн, бұл тәуелсіздікке бастар алғашқы құқықтық қадам болды.
  3. Декларация унитарлық құрылымды, аумақ тұтастығын, жеке азаматтықты, дербес бюджет пен сыртқы қатынастарды бекітті.  
  4. Республика күні ұлттық мереке ретінде алғаш рет 1995 жылы Президент жарлығымен жарияланды, 2001 жылғы заңда мемлекеттік мереке ретінде бекітілді.  
  5. 2009 жылы өзгерістермен мерекелер тізімінен алынып тасталды, сол жылдан бастап аталып өтпейтін болды.  
  6. 2022 жылы Президент Тоқаевтың бастамасымен мереке ұлттық мәртебемен қайта оралып, заңға түзетулер қабылданды.  
  7. Өзгерістер аясында 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні мемлекеттік мереке ретінде қалды.  
  8. Декларация 17 тармақтан тұрады — онда егемендіктің негізгі қағидаттары тұңғыш рет жүйелі түрде бекітілді.  
  9. Декларация Қазақстан халықаралық қатынастардың дербес субъектісі болуға және халықаралық ұйымдарға өз атынан қатысуға құқылы екені белгіленді.  
  10. Мереке ел ішінде ғана емес, шетелде де аталып өтеді: елшіліктер ресми қабылдаулар өткізеді, кей қалаларда Қазақстан туы ілінеді.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары