Еуровидение-2017 байқауы Киевте өтеді

Еуровидение-2017 байқауы Киевте өтеді

Еуровидение-2017 байқауы Киевте өтеді
ашық дереккөзі
169
Халықаралық Еуровидение ән байқауы 2017 жылы Киевте өтеді. Бұл жөнінде бірер күн бұрын Украина Ұлттық телекомпаниясының бас директоры Зураб Аласания баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Байқауды ұйымдастырушылардың шешімін жақын күндері Берлиндегі Еуровидениені бақылау кеңесіне жібереді. Қожайын-қаланы жариялау бірнеше рет кейінге шегеріліп келді. Басында үстіміздегі жылдың шілде айында жариялау керек болған. Байқауды өткізуге Киев, Днепр, Одесса, Львов, Харьков және Херсон қалалары өтініш берді. Биылғы жылы 14 мамырда Стокгольмде өткен байқауда тегі қырым-татар украин әншісі Жамала «1944» деген әнімен бас жүлдені иеленді. Бұл ән Сталин заманында қуғынға ұшыраған қырым-татар халқы жайында. Екінші орынды Аустралия әншісі Дэми Им, үшінші орын ресейлік әнші Сергей Лазаревке берілді. Осыған дейін Еуровидение байқауы 2005 жылы Украина астанасында өткен.

Серіктес жаңалықтары