265
Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі
Елімізде ҰБТ толықтай электронды форматқа көшіріледі
Елімізде Ұлттық бірыңғай тестілеу толығымен электронды форматқа көшіріледі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
"400 балабақша ашылып, 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 99 пайызға жетеді. "Мектеп құрылысының жаңа үлгісі" арқылы 180 мектеп салынады. ҰБТ толық электрон форматқа көшіріледі. Отандық ғылымды жүйелі дамыту аясында жер қойнауын пайдаланушылардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмысқа қаражат салуын орталықтандыру көзделген. 500 ғалымды әлемдік жетекші ғылыми орталықтарға тағылымдамаға жіберу ұйымдастырылады. Жас ғалымдарға 1000 грант бөлінеді. Өңірлердегі жоғары оқу орындарының сапасын арттыру үшін 20 академиялық басымдық орталығын құру бойынша жоба іске асырыла бастайды", - деді ол.