Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды

Ер адам бастығы берген сыйлықтың арқасында 84 млн теңгеге байыды
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Солтүстік Каролина штатындағы Шарлотт қаласының тұрғыны бастығынан Рождествоға сый ретінде алған лотерея билетінің арқасында ірі олжаға кенелді, деп хабарлайды UPI басылымы.  Та’Вон Бэттс билетті сыйлыққа алған. "Лездік лотереяның екі билеті Рождество қарсаңында менің бастығым барлық қызметкерлерге берген сыйлықтар пакетінде болды", - деп түсіндірді ол. Жұмыстан соң ер адам билеттен қорғаныс қабатын алып тастап, 200 мың доллар (84 миллион теңге) ұтып алғанын анықтады. Әуелі ер адам бұл билет бастығының әзілі шығар деп ойлайды. Алайда бастығы мұның ешқандай да әзіл емес екенін айтады. Аяқ астынан байып шыға келгенін білген америкалық есі шығып, бөлмені айнала жүгіре бастапты. Ер адам ұтып алған ақшаны инвестициялауды және оның арқасында одан да көп ақша табуды жоспарлап отыр. Ол ұтыстың бір бөлігін отбасымен бөліспек.