221
Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты
Қырғыз Республикасының жаңа президенті салтанатты ұлықтау рәсімінен бас тартты
Қырғыз Республикасының жаңа президенті Садыр Жапаров ұлықтау рәсімі кезіндегі арнайы кортеж бен банкеттен бас тартты. Садыр Жапаров бұл туралы өз көзқарасын Қырғызстан президентінің ресми сайтында толығырақ мәлімдеді.
"Қазанда болған оқиғалардан кейін қалыптасқан саяси жағдайды, республиканың экономикалық, қаржылық және эпидемиологиялық жағдайын ескере отырып, мұндайда біз ел экономикасы үшін ауыртпалық түсіретін іс-шаралардан бас тартуымыз керек деп санаймын. Мен арнайы кортежден, банкеттен және үлкен қаржылық шығындар болатын басқа да шаралардан бас тарту туралы шешім қабылдадым. Президент лауазымына кірісу үшін заңнамада талап етілетін міндетті рәсімдерді ғана ескеру және жүзеге асыру керек. Мемлекет өзінің барлық назарын мемлекеттік қаражатты халық пен оның мұқтажына қолдануға аударуы тиіс".