Балабақша тәрбиеленушілері 4 жасар бүлдіршінді өлтіре жаздады

Балабақша тәрбиеленушілері 4 жасар бүлдіршінді өлтіре жаздады

Балабақша тәрбиеленушілері 4 жасар бүлдіршінді өлтіре жаздады
ашық дереккөзі
151

Шымкенттегі балабақшалардың бірінде жаға ұстатарлық жағдай болды. Тәрбиеленушілер 4 жасар бүлдіршінді тұншықтырып өлтіре жаздаған, деп хабарлайді КТК телеарнасы.

Балабақшаның кіші тобындағы бірнеше бала 4 жасар Марк Хаджиевті тамағынан жіппен буындырған. Қылқынған ол есінен танып қалыпты. Тәрбиеші тек балалар шулап қоя берген соң келген көрінеді. Енді ата-аналар жанжал шығарып, бүлдіршіндерге бас-көз бола алмағандардың жазаға тартылуын талап етуде.Марктің анасы 6 күн бұрын баласынан айрылып қала жаздағанын айтады. Балабақшадан телефон шалғандар "ұлыңыз жылап жатыр, келіп кетіңіз" деген көрінеді.

"Балабақшадан хабар келген соң күйеуіміз екеуіміз барсақ, ұлым ауа жетпей қысылып отыр. Тамағы қып-қызыл. Балалар жіппен қылқындырды деп жылайды. Ал, тәрбиешілері мен меңгерушісі бала өзі құлап қалды дейді", - дейді баланың анасы Алина Хаджиева.

 Балабақша меңгерушісі Қалбүбі Тұңғышбаеваның айтуынша, балалар ол кезде қуаласпақ ойнап жүрген. Тәрбиеші де қасында болған. Сондай-ақ, ол тәрбиешілердің жүгіріп бара жатқан баланы ұстап қала алмайтынын айтқан.

Шымкент қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Күлзина Уәлиханованың айтуынша, білім бөлімі тарапынан аталған оқиғаны зерттеу жұмыстары жүргізілген. Тәрбиеші өз өтініші бойынша жұмыстан шығарылыпты. Ал жұмысына немқұрайлы қарағаны үшін балабақша  меңгерушісіне тәртіптік шара қолданылған.

Серіктес жаңалықтары