380
Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ
Елімізде тағы бірқатар сала қызметкерлерінің жалақысы артпақ
Мемлекет басшысы Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет 2020 жылы бюджет саласының 883 мың қызметкерінің, оның ішінде 609 мың педагогтің жалақысын 25%-ға, 215 мың медицина қызметкерінің жалақысын 30%-ға дейін, 34 мың мәдениет, архив және өнер қызметкерлерінің жалақысын 50% – ға дейін көтерді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет саласындағы 1 миллион 70 мың қызметкердің, оның ішінде 785 мың педагогтің еңбекақысын 25%-ға, 247 мың медицина қызметкерінің еңбекақысын 30% - ға, 38 мың әлеуметтік-медициналық қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысын 45% - ға арттыру үшін бұл жұмысты 2021 жылы да жалғастыру маңызды міндет деп тапсырды.