241
Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды
Оралда шоқыну мейрамына келген 78 жастағы қария көз жұмды
Оралда шоқыну мейрамы кезінде ойыққа су алуға барған зейнеткер көз жұмды, деп БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Ер адам созылмалы сырқатпен есепте тұрған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің дерегінше, сағат 11.08-де Ескі собор маңындағы ойық жанында Деркөл ауылының тұрғыны, бас миының атеросклерозымен ауыратын 78 жастағы ер адамның халі күрт нашарлаған. Сонда кезекшілік еткен жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсеткенімен, оны құтқара алмаған.
БҚО ТЖ департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өңірде шоқыну мейрамы кезінде барлық құрылымдық және аумақтық бөлімшелер кезекшілік етті. Тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеке құрамнан 113 қызметкер, 18 техника, ҚР ТЖМ «Медициналық апаттар орталығы» мемлекеттік мекемесі БҚО бойынша филиалынан 5 адам, 1 техника, БҚО полиция департаментінен 103 қызметкер, 41 техника, жергілікті атқарушы органдардан 5 адам, 1 техника жұмылдырылды.
Облыс аумағында 1155 адам суға түскен, соның 903-і қалада, 252-сі аудандарда.