“Сұңқар” радиостудиясы өз жұмысын бастады

“Қазақ радиолары” ЖШС және Еуразия ұлттық университетінің өзара ынтымақтастық меморандумы негізінде “Сұңқар” радиостудиясы эфирге жол тартты.

 “Біз болашақ арманның асқарымыз

Біз елімнің мөп-мөлдір аспанымыз

Еркін ойлы, өр рухты, айтары бар

Біз Тәуелсіз қазақтың жастарымыз!” деп ұрандатқан студенттердің басты мақсаты – бүгінгі жастардың білім деңгейін анықтау, тың көзқарастарын таныту және тәжірибе алмасу.

ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінде көптеген студенттердің радиода төбе көрсетсем деген арман-тілегі бар. Бұл бастама сол жастарға зор мүмкіндік сыйлайтыны сөзсіз.

“Сұңқар” радиостудиясы аптасына бір рет, әр дүйсенбі, сағат 16:00-де “Шалқар” радиосынан беріледі.

Жаңа жобаның алғашқы шығарылымы білімге деген құштарлықты нығайту турасында болды.

Радиостудияның алғашқы шығарылымы университет ректоры Ерлан Бәттәшұлы, журналистика және саясаттану факультетінің деканы Сақ Қайрат, телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының меңгерушісі Серікзат Дүйсенғазы мен “Қазақ радиолары” ЖШС бас директоры Ернұр Бураханның сәттілік тілеуінен басталды.

Ернұр Жәмел

Back to top button