Ақтөбеде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түсті деген айып тағылған 17 жастағы бозбала қамаудан босатылды.
Ақтөбе облыстық соты мәліметінше, былтыр шілде айында кәмелетке толмаған жасөспірімдер үйден бірінші рет қашып кеткен. Кейін осы оқиға қайта қайталанған. Оларды іздеген қыздың анасы сот-медициналық сараптама жасауды сұраған. Нәтижесінде, ер жігіттің 16 жасқа толмаған қызбен интимдік қатынасқа түскені дәлелденген. Сол себепті сот оны кінәлі деп танып, қараша айындп 3 жылға бас бостандығынан айырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram