277
Қ.Тоқаев: Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұр
Қ.Тоқаев: Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұр
«2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз», – деді Президент VII шақырылған Парламенттің бірінші сессиясында.
Мемлекет басшысы еліміздің стратегиялық бағдары айқын екенін атап өтті.
«Мақсатымыз – озық дамыған елдердің қатарына қосылу. Дамыған ел дегенеміз – ең алдымен, дені сау, білімді жұрт. Сондықтан мемлекеттің басты міндеті – азаматтарымыздың толыққанды дамуына, әл-ауқатының артуына және жайлы тұрмысына жағдай жасау. Біз 2025 жылға қарай әрбір азамат үшін тиімді институтционалдық және инфрақұрылымдық орта қалыптастырамыз. Еліміздің ұзақ мерзімді дамуы – сабақтастық, әділдік және өрлеу қағидаттарына негізделеді. Көздеген мақсатқа жету үшін барлық салада дәйекті өзгеріс жасаймыз», – деді Қ.Тоқаев.
Мемлекет басшысы бұл ретте Парламенттің алдында екі маңызды міндет тұрғанына ерекше тоқталды.
«Парламенттің алдында маңызды екі міндет тұр. Бұл – сапалы заң қабылдау және өзекті мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналу. Жалпы, еліміздің заңнама жүйесін кешенді түрде жетілдіру керек», – деді ҚР Президенті.