446
Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр
Алматыда үшінші теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр
Мегаполисте Алматы-3 теміржол вокзалын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Алматы қаласының Бас жоспарын түзетуді талқылау барысында «Алматыгипрогор-1» компаниясы бас директорының орынбасары Алтай Сатыбалдиев мәлімдеді.
Бас жоспарға сәйкес, Алматы агломерациясын дамыту бойынша бірқатар ауқымды жобаны іске асыру жоспарланған, оның ішінде:
- Алматы-1 және Алматы-2 желісі бойынша екінші жолдарды салу;
- Алматы-3 вокзалының құрылысы;
- Алматы-1 - Талғар жүк-жолаушылар теміржол желісінің құрылысы;
- Алматы-Ұзынағаш трамвай желісінің құрылысы.