17 қаңтар, жексенбі күні елордада қоғамдық көлік қатынамайды. City Transportation Systems көлік компаниясының мәліметінше, 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. «Ол күні автобустарда дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі», – делінген хабарламада. Автобуста бетперде режимі сақталуы тиіс. Қоғамдық көлікке маскасыз кіруге болмайды. Жол ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.
Жүктелуде...