Шетел сарапшылары: Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіліп, карьерасын аяқтайды

Шетел сарапшылары: Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіліп, карьерасын аяқтайды

Шетел сарапшылары: Головкин «Канелодан» нокаутпен жеңіліп, карьерасын аяқтайды
ашық дереккөзі
50311
Спорт әлеміндегі түрлі мәселелерге талдау жүргізетін ESPN телеарнасының сарапшылары 2021 жылы кәсіби боксшылар арасында өтетін кездесулерге болжам жасап, соның ішінде көпшілік асыға күтіп жүрген қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық былғары қолғап шебері Сауль «Канело» Альварес арасында өтуі мүмкін үшінші кездесуді де назардан тыс қалдырмады. «Канело» Альварес пен Геннадий Головкин арасындағы үшінші кездесу өтеді және Альварес GGG-ді нокаутқа түсіреді. Бұл екі файтер және олардың мұрасына байланысты барлық мәселенің және трилогияның соңғы нүктесі болатын еді. Аталған кездесу жылдың соңында өткізіледі және бұқара халықтың алдында өтеді. Бірақ жылдың соңында өтсе де, бұл жекпе-жек жылдың үздік кездесуі атанады және Головкиннің карьерасындағы нокаутпен жеңілген бірінші кездесуі болмақ. Сонымен қатар, бұл – Головкиннің карьерасындағы соңғы кездесуі, себебі 39 жастағы боксшы өз биігін бағындырғанына көз жеткізеді. Ал «Канелоға» жаңа қарсыластармен кездесу өткізуге жаңа жол ашылады, сөйтіп ол карьерасының келесі бөлімін «бастайды». Сондай-ақ, бұл кездесу жылдың соңында Альварестің pound-for-pound рейтингінің бірінші нөмірлі боксшысы атанатынын дәлелдейді», – дейді сарапшы Майкл Ротштейн. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Альварестің жеке бапкері Эдди Рейносо шәкіртінің жаңа жылдан бастап екінші орта салмақта (168 фунтқа дейінгі) жұдырықтасатынын, онымен жекпе-жекке шыққысы келетін кез келген боксшы екінші орта салмаққа ауысуы керек екенін мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары