Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды

Олжас Сүлейменов коронавирус жұқтырды
ашық дереккөзі
666
Ақын, белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов және оның жұбайы Маргарита Владимировна коронавирус жұқтырды. Бұл туралы журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"Бүгін, 14 қаңтарда арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына апарды. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировна Олжасқа қарағанда ауыр халде. Дәрігерлер оларға көмектесуге тырысып жатыр, бір сөзбен айтқанда, қолдан келгеннің бәрін жасайды. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ, ем қалыпты жүріп жатыр", - деп жазды журналист.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы да Олжас Сүлейменов пен оның зайыбы ауруханаға жатқызылғанын растап отыр.
"Олжас Сүлейменов пен жұбайы РВ-90 ауруханасына жатқызылды. Олардан коронавирус анықталды. Алайда ерлі-зайыпты қазір жазылды. Ертең, 15 қаңтарда олар аураханадан шығарылады", - дейді басқарманың өкілдері.

Серіктес жаңалықтары