Елордада І ауысымдағы мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды.
«14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің бірінші ауысымындағы 0-9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысады», – делінген Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасының мәліметінде.
Осы уақытта термометр бағаны -33 градус аязды көрсетуде.