Қоржында - Паралимпиада ойындарының алтыны!

Қоржында - Паралимпиада ойындарының алтыны!

Қоржында - Паралимпиада ойындарының алтыны!
ашық дереккөзі
234

         Еліміз Паралимпиада ойындарының тарихындағы тұңғыш алтынына қол жеткізді. Риода өтіп жатқан мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спорт бәсекесінде қазақстандық жүзуші Зульфия Ғабидуллина топ жарды. Паралимпиаданың алғашқы күніндегі мұндай ақжолтай жаңалықты Ұлттық паралимпиада комитеті хабарлады.

Паралимпиада ойындарында ел спортшылары алтын медаль жеңіп көрмеген.  Жүзу спортында алдына жан салмаған Зульфия Ғабидуллина бүгін Қазақстанның туын биікке көтерді. Спортышымыз тек жеңіске жетіп қана қоймай, 100 метрлік қашықтыққа еркін стильде жүзуден жаңадан әлемдік рекорд орнатты.

Зульфия – әлем чемпионатының қола жүлдегері, Азия Паралимпиада ойындарының әрі әлемнің алты дүркін чемпионы. Жүзуден әлемдік рейтингте алдына қара салмайтын сегіз спортшының бірі.

Айта кетейік, күн ілгері Рио-2016 паралимпиадасының салтанатты ашылуы болған еді. Биыл Риода 22 спорт түрі бойынша 528 паралимпиада медалі сарапқа түседі. Қазақ елі алғаш рет биыл 5 спорт түрі бойынша 11 атлетті додаға қосып отыр. Оның ішінде - жүзу, дзюдо, пауерлифтинг, жеңіл атлетика және садақ тарту бар.

Серіктес жаңалықтары