Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды

/
Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Парламент Сенатының жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз хатшысы қызметіне Данияр Рамазанов тағайындалды. «Сенатта жаңа баспасөз хатшысы таныстырылды. Данияр Рамазанов – тәжірибелі журналист, «Болашақпен» бітірген, республикалық телеарналардың бет-бейнесі», – делінген Telegram-дағы сенатор көмекшісі парақшасында жарияланған ақпаратта. Данияр Рамазанов М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекет университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алған. Ұлыбританиядағы Глазго, Кардифф университеттерінде білімін шыңдаған. Әр жылдары «Қазақстан» РТРК» Батыс Қазақстан облыстық филиалының тілшісі, «Хабар-24» телеарнасының тілшісі, халықаралық ақпараттар бөлімінің бас редакторы, ҚР Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің баспасөз хатшысы болып еңбек еткен.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары