416
1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуын бастады
1 миллионнан астам оқушы дәстүрлі форматта оқуын бастады
Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Жалпы Қазақстандағы мектептерде жоспарлы түрде үшінші оқу тоқсаны 11 қаңтарда басталып, 20 наурызға дейін жалғасады. Шолпан Каринова бұл тоқсанда санитарлық ахуал ескеріліп, оқу процесі әртүрлі форматта жүргізілетінін атап өтті.
Дәстүрлі форматта оқыту жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7-сыныпқа дейін ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныпта жалғасады.
Сонымен қатар контингенті 300 балаға дейінгі мектептерде де оқушылар дәстүрлі форматта оқиды.
Бұл тоқсанда:
- меншік нысанына қарамастан мектептердің бітіруші сыныптары (9,11 (12) сыныптар) үшін оқушылар штаттық режимде оқытыла бастады. Оларда пәндердің 70%-ы штаттық режимде, 30%-ы қашықтан оқыту ұсынылды;
- санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, арнайы мектеп-интернаттардың, жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, мектеп жанындағы интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттарда тұрып оқуына рұқсат етілді.