229
Полицейлер жылусыз қалған жалғызбасты зейнеткерге отын түсіріп берді
Полицейлер жылусыз қалған жалғызбасты зейнеткерге отын түсіріп берді
Елордада қақаған қыста жылусыз қалған жалғызбасты зейнеткерге полиция қызметкерлері бір көлік отын түсіріп берді.
Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, учаскелік полиция қызметкері өзіне бекітілген аумақты тексеріп жүріп, жер үйлердің бірінде әженің жалғыз тұратынын, отын сатып алуға ақшасы жоқ екенін біледі.
Полиция қызметкерлері бірден бір көлік отын сатып алып, әженің үйіне жеткізіп берді.
«Отыным бітіп қалды. Далада қатты аяз. Онсыз да отынды үнемдеп, күніне бір-ақ рет пеш жағып отырдым. Шынымды айтсам, полиция қызметкерлері отын жеткізіп бермегенде үйде қатып қалар едім», - деді әжей.
Полицейлер отынды тек жеткізіп қоймай, оны бұтап, әжеге қыс бойы жететін қор дайындап берді.
Сонымен қатар сол күні полиция қызметкерлері бірнеше мұқтаж отбасыға барып, оларға азық-түлік жиынтығын жеткізді.