263
Мәжіліс депутаттарын сайлау: Асқар Мамин ҚХА сессиясына қатысып, дауыс берді
Мәжіліс депутаттарын сайлау: Асқар Мамин ҚХА сессиясына қатысып, дауыс берді

ҚР Премьер-Министрі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің (ҚХА) мүшесі Асқар Мамин ҚХА-ның XXVIII сессиясына қатысып, Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берді.
Дауыс беру Бейбітшілік және келісім сарайының ғимаратында өтіп жатыр.
ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды:
- Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов;
- Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян;
- Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов;
- Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева;
- «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли;
- «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев;
- «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин;
- «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов;
- «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.