Қырғыз Республикасы енді президенттік басқару жүйесіне көше ме?

Қырғыз Республикасы енді президенттік басқару жүйесіне көше ме?

Қырғыз Республикасы енді президенттік басқару жүйесіне көше ме?
ашық дереккөзі
356
Сонымен, бүгін Қырғызстандағы мерзімінен бұрын өткен президент сайлауы және басқару жүйесі туралы (президенттік немесе парламенттік) референдумға дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың жалпы саны - 3 563 574 болған. Ал, олардың 1 180 515-і яғни 33,13% дауыс беруге келген. (УСК мәліметтері: 2454 (90,99%) бастап 2251 дейін) «Жалпы иш» қоғамдық қоры 500 сайлау учаскесінде сайлау барысын бақылап, 30 заң бұзушылықты анықтады. Алғаш болып өз таңдауын Южно-Сахалинск қаласында тұратын қырғызстандықтар жасады. Олар Бішкек уақытымен сағат 03.00-де дауыс беруді бастаған. Ал, елдегі сайлау учаскелері таңғы сағат сегізден бастап жұмыс істей бастады. Барлығы 2474 сайлау учаскелері ашылған, олардың 48-і шетелде орналасқан. Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, бұл сайлауға дауыс беретіндердің 3 563 574-і Қырғызстан азаматы, оның 49 479-ы шетелдегі тізімде. Жалпы Президентікке 17 үміткер тіркелген. Олар: - Садыр Жапаров - Қанатбек Исаев - Мықтыбек Арыстанбек - Клара Сооронкулова - Имамидин Ташов - Абдил Сегізбаев - Адахан Мадумаров - Аймен Қасенов - Улугбек Кочкоров - Жеңісбек Байгуттиев - Эльдар Абакиров - Курсан Асанов - Арыстанбек Абдылбаев - Равшан Джеенбеков - Бақтыбек Қалмаматов - Бабыржан Тольбаев - Қаныбек Иманалиев Бішкек уақытымен сағат 20:00-де мерзімінен бұрын ұйымдастырылған президент сайлауына дауыс беру аяқталды.
Akipress сайтының алдын-ала мәліметі бойынша, кандидат Садыр Жапаров 79,14 пайыз дауыспен алда келеді. Екінші орында - Адахан Мадумаров (6,69%), үшінші орында – Бабыржан Тольбаев (2,36%).
Сонымен қатар, басқару формасын таңдау жөнінде референдумның да болжамды нәтижелері жарияланып жатыр. Соңғы мәлімет бойынша, президенттік басқару жүйесін сайлаушылардың 81,08 пайызы қолдаса, парламенттік форманы дауыс берушілердің 10,91 пайыз ғана таңдаған. Сайлаушылардың 4,44 пайызы екі нұсқаға да қарсы шықты. Сағат 18:00-дегі мәлімет бойынша, президент сайлауында сайлаушылардың 33,13 пайызы дауыс берсе, референдумға 33,08 пайызы қатысқан.

Серіктес жаңалықтары