Петропавл қаласында заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

Петропавл қаласында заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды

Петропавл қаласында заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды
ашық дереккөзі
Петропавл қаласында фото және видеобақылау жүргізіп, заң бұзған бақылаушы сайлау учаскесінен шығарылды. Бұл туралы Сайлауды бейпартиялық байқау орталығындағы кезекті брифингте орталық басшысы, Қазақстан Азаматтық Альянсы президенті Бану Нұрғазиева мәлімдеді. 
 «Сайлау учаскелерінде заң бұзушылықтар да болды. Мысалы, Петропавл қаласындағы No587 сайлау учаскесінде (№10 мектеп) «МИСК» қоғамдық қорының «Жас сайлаушылар лигасының» өкілі сайлау учаскесінде фото және видео бақылау жүргізді, ал мұндай әрекетке заңда тыйым салынған. Ол ескертулерге қарамастан,  дауыс беру процесі туралы дауыстап түсініктеме беру арқылы басқа бақылаушылардың жұмысына кедергі келтірді. Ашуланған бақылаушылар МИСК бақылаушысының әрекетіне байланысты акт толтырып, сайлау комиссиясы төрағасынан  заң бұзушылықты тоқтатуды сұрады. Нәтижесінде, МИСК бақылаушысы сайлау учаскесінен шығарылды», – деді Бану Нұрғазиева.
Ол осы оқиғалардың барлығы сайлау процесінің заңдылығы мен ашықтығына әсер етпейтіндігіне қарамастан,  барлық азаматтарға сайлау заңнамасын қатаң сақтап, сайлау учаскелеріндегі арандатушылық пен мен заң бұзушылықтың алдын-алу туралы өтініш жасады.  width= Аталған брифингке қатысқан Кәсіподақтар Федерациясы төрағасының орынбасары, Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы байқаушылары республикалық штабының жетекшісі Нұрлан Өтешев Сайлауды бейпартиялық байқау орталығының байқаушылары 20-ға жуық заңбұзушылықты тіркегенін, ал оның кейбірі тексеру нәтижесінде жалған болып шыққанын жеткізді.
«Қазіргі уақытта заңбұзушылықтардың 8-і расталды. Ол деректер бойынша біздің бақылаушылар акт жасап,  сайлау учаскелерінің төрағаларына тапсырды», – деді ол.
Айта кетейік, Бейпартиялық бақылау орталығының байқаушылары  республикамыздағы 10 000-нан астам сайлау учаскесін қамтыды. Орталықтың 20 мыңға жуық байқаушысы барлық аймақта, ең шалғай учаскелерде де жұмыс істеп жатыр.