50227
Сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 11,6 пайызы алды
Сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 11,6 пайызы алды
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтар сағат 10.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың 11,6 пайызы алды. Бұл жөнінде Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Ерлан Дауылбаев мәлімдеді.
Әзірге сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі Солтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы және Павлодар облысында байқалып отыр. Өзге өңірлер туралы ақпаратты ОСК ұсынған мына мәліметтен көруге болады:
Ақмола облысы бойынша – 10,2 пазы
Ақтөбе облысы бойынша – 9,9 пайыз
Алматы облысы бойынша – 11,3 пайыз
Атырау облысы бойынша – 10,3 пайыз
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,7 пайыз
Жамбыл облысы бойынша – 12,8 пайыз
Қарағанды облысы бойынша – 10,4 пайыз
Қостанай облысы бойынша – 11,2 пайыз
Қызылорда облысы бойынша – 10,3 пайыз
Маңғыстау облысы бойынша – 8,7 пайыз
Павлодар облысы бойынша – 14,0 пайыз
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 14,9 пайыз
Түркістан облысы бойынша – 13,3 пайыз
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 12,1 пайыз
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 10,8 пайыз
Алматы қаласы бойынша – 9,7 пайыз
Шымкент қаласы бойынша – 14,4 пайыз
Орталық сайлау комиссиясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, сайлаушылардың сайлау учаскесіне келуі туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша сағат 12.00, 14.00, 16.00, 18.00 және 20.00-де ұсынылады. Сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындысы туралы ақпарат сағат 22.00-де ұсынылады.