50315
Оңтүстік Кореяда оқитын отандасымыз ең бірінші болып дауыс берді
Оңтүстік Кореяда оқитын отандасымыз ең бірінші болып дауыс берді
Оңтүстік Кореяның Корё университетінде білім алып жатқан отандасымыз парламенттік сайлауда ең бірінші болып дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің Телеграм каналында хабарланады.
Қазақстанның Жапониядағы және Корея Республикасындағы Елшіліктері жанындағы сайлау учаскелері өз жұмысын алғашқы болып бастады.
«Ең бірінші болып парламенттік сайлауда дауыс берген Қазақстан азаматы - Аделина Алпамыс. Оңтүстік Кореядағы Корё университетінің студенті» - делінген хабарламада.