Оңтүстік өңірдің тұрғындары Nur Otan өкілдерімен кездесті

Оңтүстік өңірдің тұрғындары Nur Otan өкілдерімен кездесті

Оңтүстік өңірдің тұрғындары Nur Otan өкілдерімен кездесті
ашық дереккөзі
341
Nur Otan партиясының үгіт-насихат жұмыстарының жүру барысын пысықтау, ұйымдастыру, ағымдағы мәселерді талқылау мақсатында төрт күн қатарынан еліміздің оңтүстік өңірлерінде партияның өкілдері болды. «Ең алдымен, Алаштың анасы – Сыр өңіріне ат басын тіредік. Мұнда өңірдің жігерлі жастарымен, волонтерлармен, штаб қызметкерлерімен және партиялық бақылаушылар тобымен бірқатар кездесулер өткізіп, алдағы жоспарларымызды талқыладық. Сабырлы сөз бен салиқалы ойға жүгінген Сыр елі азаматтарының партияға деген ықыласы ерекше», – деді Nur Otan партиясының хатшысы Арман Қырықбай. Кейінгі сапар ер түріктің бесігі – Түркістанда жалғасты. Мұнда, әсіресе, жастардың отты жанары, елге қызмет етсем деген ынтасы сүйсінтті. Жалындаған жастары бар елдің ертеңі баянды болмауы мүмкін емес.
«Одан кейін шырайлы Шымқала мен әйгілі Әулиеатаға ат басын бұрдық. Шымкент пен Таразда да партияластарымызбен, зиялы қауым өкілдерімен және жастармен кездесіп, үгіт-насихат жұмыстарының жүргізілу барысымен таныстық.
Қоғамдық пікір көшбасшыларымен, мәдениет және өнер майталмандарымен болған басқосуда руханият жайы, ұлт бірлігі, жер тұтастығы, мемлекеттік тіл мен төл мәдениетті өркендету жайы әңгіме арқауына айналды.
Белгілі айтыскер ақын Біржан Байтуов Шымкент қаласында дәстүрлі өнер орталығын ашудың, әншілер мен ақындарды, шертпе күй шеберлерін дайындаудың өзекті екендігін алға тартты», – деді партия хатшысы.

Серіктес жаңалықтары