462
Петропавлда 7000 пәтердің құрылысы жоспарланды
Петропавлда 7000 пәтердің құрылысы жоспарланды
Халық қалаулылары қатарынан көрінгісі келетін үміткерлердің тұрғындармен кездесу шаралары жалғасын табуда. Облыстық және Петропавл қалалық мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттар «Сity mall» сауда-ойын-сауық орталығында экспромт кездесу өткізді.
Олар тұрғындармен және орталық қызметкерлерімен әңгіме барысында алдағы өзгерістер туралы айтып, қызылжарлықтарға қазіргі билеуші партия үшін сайлауда өз дауыстарын беруге шақырды. Үміткерлер Nur Otan партиясы отбасы институтын нығайту, олардың материалдық тұрақтылығын қамтамасыз ету, тұрғын үй алуға мүмкіндіктер жасау үшін кешенді шараларды қолдану қажет деп санайтынын атап өтті. Бүгінде Петропавлда 54 мыңнан астам отбасы тұрады, соның ішінде бір мыңнан астам көпбалалы әулет бар.
– Тұрғын үй жағдайын жақсарту жұмыстарын жалғастырамыз. Ол үшін «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша жеті мың пәтердің құрылысы жоспарланған. Соның ішінде 1042 пәтер әлеуметтік осал топтарға арналған, – деді қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Кеңес Мұқышев.
«Nur Otan - сөздің емес, істің партиясы», – деді өз сөзінде облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Данияр Уәлиев. «Өткен бес жылда партия сайлауалды уәделерінің денін жүзеге асырды. Қолайлы өмір сүру үшін өңірді тартымды ету партияның басты мақсаты болып табылады. Біз – партия өкілдері бұған қалай қол жеткізуге болатынын нақты білеміз».
Кандидаттар Nur Otan партиясының жаңа бағдарламасы – бұл қаржылық және адами ресурстармен нығайтылған, сонымен қатар жан-жақты ойластырылған мақсаттар мен міндеттер жиынтығы екендігіне сендірді.
Nur Otan партиясы Петропавл қаласының сайлау қорының қаражатынан төленді.
Nur Otan партиясының Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді