419
Қазақстандық оқулықтар "қырым тақырыбын" түзетті
Қазақстандық оқулықтар "қырым тақырыбын" түзетті
"Мектеп" баспасы оқулықтарында Қырымның ресейлік аймақ делінетін абзацын алып тастап, түбектің Ресеймен аннексияланғаны туралы ақпаратын түзетті.
Бұл жағдайға риза болған украиналық тарап мектеп оқулықтарына Тарас Шевченконың шығармашылығы туралы материалдар қосылғанын ерекше атап өтті.
Өткен жылы жарық көрген қазақстандық тарих және география оқулықтарында Қырым "Ресей Федерациясының субъекті" деп көрсетілген. Бұл оқулықтардағы "қырым тақырыбы" төңірегіндегі жанжалдан соң, елшілік қазақстандық мектеп кітаптарына ерекше көңіл бөліп отыр.
Республикалық "Оқулық" ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Әділхан Дүйсебектің айтуынша, "Мектеп" баспасы оқулықтарға қосымша парақтар басып шығарып, түзетілген нұсқасын мектептерге таратқан. "Қырым туралы мәтінді сарапшылар және сыртқы істер министрлігіндегілер талқылады. Осылайша, оқулық БҰҰ белгілеген шекараға сай жазылды", - деді ол.
Қазақстан 2014 жылы көктемде Ресеймен аннексияланған Қырым мәселесінде бейтарап ұстаным білдірді. 2014 жылы наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясы Қырымның Украинадан бөлінуі жөніндегі референдумның заңдық күші жоқ екені туралы қарар қабылдады.