5200
Еуроодақ аумағында коронавирусқа қарсы жаңа вакцина мақұлданды
Еуроодақ аумағында коронавирусқа қарсы жаңа вакцина мақұлданды
Дәрілік заттар жөніндегі еуропалық агенттік Еуроодақ аумағында Moderna компаниясы әзірлеген коронавирусқа қарсы жаңа вакцинаны мақұлдады.
«Хабар 24» сайтының жазуынша, бұл ұйым жаңа дәрінің сапасын, қауіпсіздігі және тиімділігін жіті тексергеннен соң осындай шешімге келген. Былтыр қарашада Еурокомиссия Moderna вакцинасының 160 миллион дозасын сатып алу туралы келісім жасасқан болатын.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәрі құрлықта Pfizer мен BioNTech жасап шыққан вакцина қолданылып келеді.