5164
АҚШ Конгресі Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін ресми растады
АҚШ Конгресі Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін ресми растады
АҚШ Конгресі ел президенттігіне үміткер Джо Байденнің сайлаудағы жеңісін ресми растады, – деп жазды ВВС.
«АҚШ Конгресі Байденнің жеңісін бекітті. Формальді процедура ұзаққа созылып кетті, алайда барлығы сақталды. Таңертең сағат үш жарым кезінде вице-президент Майк Пенс отырысты жабық деп жариялады», – делінген ақпаратта.
78 жастағы Джо Байден Американың 46-ыншы президенті болды. Инаугурация 20 қаңтарға жоспарланған.
Еске салайық, сәрсенбі күні АҚШ Конгресі сайлаушылардың дауысын есептеп, 2020 жылғы президент сайлауының қорытындысын шығару үшін жиналған болатын. Алайда, бұған дейінгі президент Дональд Трамптың жақтастары жаппай наразылық акциясын бастап, олардың бір тобы конгресс ғимаратына басып кірді. Түн жарымына қарай АҚШ конгресін және Сенатын күзететін полиция Трамптың жақтастарын Капитолий аумағынан тықсырып шығарды.
Сондай-ақ, Вашингтонда коменданттық сағат енгізілгенін жаздық.