200
«Nur Otan»: Мақтааралда 223 канал қалпына келтіріледі
«Nur Otan»: Мақтааралда 223 канал қалпына келтіріледі
«Nur Otan» партиясының өкілдері Мақтаарал ауданы, Бірлік ауылдық округіне қарасты Талапты елдімекенінде каналдардың жөндеу жұмыcын жүргізіп жатқан құрылысшылармен кездесті.
Экспромт кездесуде кандидаттар құрылысшыларға партияның сайлауалды бағдарламасын, ондағы негізгі басымдықтардың кезең-кезеңімен жүзеге асырылуын түсіндірді.
Ес білгелі егіншілікпен айналысып жүрген аудан дихандары үшін тік дренаждардың қалпына келтіріліп, каналдардың құрылысын жүргізуі – мемлекеттің мақтааралдықтарға жасаған үлкен қамқорлығы. Кандидаттар бұл жұмыстың нәтижесі жердің құнарлылығын сақтап, ағын су тапшылығын жоюда, өнім көлемін арттыруда, шаруалардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда үлкен маңызға ие екеніне тоқталды.
Сонымен қатар ауданда жүзеге асырылып жатқан «ПУИД-2» жобасы жалпы 39796 гектар аумақты қамтып, 3 бағыт бойынша жүргізілуде. Жоба аясында 223 канал, 208 су қашыртқысы, 149 тік дренаж күрделі жөндеуден өтіп, қайта қалпына келтірілетін болады.
Жобаның І бағыты бойынша әзербайжандық «Акилик Груп» компаниясы қазіргі таңда жалпы ұзындығы 68,88 шақырымды құрайтын 44 каналдың, 2 тік дренажды ұңғыманың, 37,293 шақырымды құрайтын 16 қашыртқының құрылыс жұмыстарын аяқтаса, ІІ бағыт бойынша ирандық «Туннель Саад Ариана» компаниясы 16447 гектар аумақтағы ұзындығы 337,35 шақырымды құрайтын К-16Б, К-18, К-18А каналдары тармақтарымен бірге, 100 дана тік дренаж және 262 шақырымды құрайтын су қашыртқылары күрделу жөндеуден өткізіп жатыр. ПУИД-2 жобасының ІІІ бағыты бойынша «Тахал Консалтинг Инжиниринг» команиясы ұзындығы 307,928 шақырым каналды, 130,391 шақырым су қашыртқыларын күрделі жөндеуден өткізуде.
Бүгінде ІІІ кезең бойынша 26,912 шақырымды құрайтын 8 каналдың 8,979 шақырымында бетон құю жұмыстары жүргізіліп, ұзындығы 56,109 шақырымды құрайтын 8 дана қашыртқының 50,583 шақырымында тазалау жұмысы атқарылған.
Бұл құрылыс партияның бақылауында тұр. «Nur Otan» партиясы алдағы 5 жылда да агро саланың қарыштап дамуына үлкен үлес қосатынын айтқан үміткерлер тұрғындарды 10 қаңтарда өтетін сайлауда партияға қолдау білдіруге шақырды.