Бейсенбі, 9 Ақпан, 2023

Франкфурттан ұшып келген қазақстандықтан коронавирус анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 6 қаңтарда халықаралық авиарейспен келген жолаушылар туралы ақпаратты жариялады.

6 қаңтарда Қазақстан Республикасының аумағына Ұлыбритания, Нидерланды, Корея, БАӘ, Мысыр, Түркия, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 12 халықаралық әуе рейсі келді. 1 485 жолаушы ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 186 адам, анықтамасыз 299 ҚР азаматы келді.

Оның ішінде:

– Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 482 жолаушы, анықтамамен – 311; анықтамасыз – 171;

– Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 487 жолаушы, анықтамамен – 456, анықтамасыз – 31;

– Атырау қаласының әуежайына – 2 рейс, 277 жолаушы, анықтамамен – 263; анықтамасыз – 14;

– Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 239 жолаушы, анықтамамен – 156; анықтамасыз – 83.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР әдісімен тестіленді және карантин стационарында өз нәтижесін күтіп отыр.

5 қаңтада анықтамасыз келген 215 ҚР азаматының ПТР-талдау нәтижесі бойынша Франкфурт – Нұр-Сұлтан рейсімен келген бір жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

Байқау айқын
Байқау айқын

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button