Жалпы облыс орталығы – Ақтау қаласының жағажай және круиздік туризмді дамыту әлеуеті бар. Мұнда 2020 жылы жаз мезгілінде «RixosWater World Aktau» туристік-қонақ үй кешені ашылды. Бұл кешен Елбасы тапсырмасымен шетелдік инвесторларды тарту арқылы жүзеге асқан болатын. Бүгінгі таңда осы әртараптандырылған кешенде демалғысы келетін туристердің қызығушылығы артып келеді.
Туризм саласын дамыту бойынша аталмыш жұмыстар жалғасын тауып, биыл 500 орынға арналған «Aktau Resort» бес жұлдызды көпфункционалды қонақ үй-туристік кешенінің 1-кезеңі және «Приморский» ауданында аквапарк құрылысы аяқталады. Сонымен қатар «Достар» қонақ үй кешенін кеңейту аясында аквапарк салынып, «Жартас жолы» бойындағы жағалау абаттандырылады. Туризмді дамыту бағытында 5 жыл ішінде жағажайлар жабдықталып, жол бойындағы сервис жақсарады. Атап өтсек, қазіргі заманғы автономды дәретханалар, киім ауыстыруға арналған кабинкалар, жағажай аймағын жинауға арналған арнайы машиналар мен жабдықтар, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер қойылады. Қонақ үй бизнесі мен мейрамхана, бір сөзбен келтірсек туристік кәсіптерге ниетті облыс тұрғындары оқытылатын болады. Бұл жұмыстар нәтижесінде туристер ағыны екі есеге өсіп, яғни 160 мыңнан 320 мың адамға дейін жетеді деген жоспар бар.
Кездесуде оқытушылар мен студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптарын алды. Туризмді дамыту бойынша жұмыстарға көңілдері толатындықтарын жеткізді. Партия жұмысына сәттілік тіледі.
«Nur Otan» партиясы Маңғыстау облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді