209
Нұротандықтар Бұланды еңбеккерлерінің талап-тілегін тыңдады
Нұротандықтар Бұланды еңбеккерлерінің талап-тілегін тыңдады
«Nur Otan – болашаққа сенімді бағыт, нақты істер партиясымен бірге үлкен жетістіктерге жетеміз!» деген ұранмен сайлауалды кездесу өз мәресіне жетті. Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Шахман Құсайынов және Раушан Хожабай «Макинск Жылу» жылу беру компаниясының еңбек ұжымымен кездесіп, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Көп жылдардан бері халықты жылумен қамтамасыз етіп келе жатқан коммуналдық мекеме Макинск қаласының 40 пайызынан астам бөлігін орталық жылу жүйесі қосқан. 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасы бойынша коммуналдық мекеменің орташа жөндеуі мақсатына 120 миллион бюджеттік қаражат бөлінді. Аталған қаржыға қазандықтар, арнайы жабдықтар және жылу желісі жөнделді. Барлық жұмыстар уақытылы орындалып, бағдарлама бойынша 15 жергілікті тұрғын жұмысқа тартылды.
Мекеме қызметкерлерімен кездесу барысында кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының басымды бағыттарын тілге тиек етіп, әрбір тұрғынды толғындыратын мәселелерге тоқталды. Nur Otan партиясының алға қойған міндеттеріне сәйкес медицина, білім беру, әлеуметтік даму, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жеке кәсіпкерлік, мәдениет және спорт салаларында нақты өзгерістер жоспарланған. Атап айтсақ, жол сапасын арттыру, таза ауыз сумен қамтамасыз ету, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, экологиялық мәселелерге баса назар аудару, медициналық қызметтердің сапасын жақсартып, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасына нығайтуға қаражат бөлу. Осындай басымды бағытта жұмыс атқарылса, ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайы жылдан-жылға жақсарып, елдегі ахуал тұрақты болары даусыз.
Партия белсенділері коммуналдық мекеме қызметкерлерінің аманаттарын назарға алып, кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, қызметтерінде табыс тілеп, ағымдағы жылдың 10 қаңтары күні өтетін сайлауда бір ауыздан Nur Otan партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қоры қаражатынан төленді