ОҚО-да аудан орталығында 2,5 мың ағаш отырғызылды

ОҚО-да аудан орталығында 2,5 мың ағаш отырғызылды

ОҚО-да аудан орталығында 2,5 мың ағаш отырғызылды
ашық дереккөзі
175
Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының орталығы - Шаян елді мекенінде жыл басынан бері тындырымды тірліктер атқарылып, ауылдың ажары арта түсті. Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөзх қызметі хабарлады. Атап айтқанда, Шаяндағы ұзындығы 6,2 шақырым болатын 15 көше асфальтталып, пайдалануға берілді. Автокөліктерге арналған 6 көше кеңейтіліп, 7 жолға (ұзындығы 3,5 шақырым) жаңадан аяқжол (тротуар) төселді. Аудан орталығының сәулеттік келбетін жақсарту жұмыстары мұнымен тоқтаған жоқ. Абаттандыру жұмыстарын жүйелі қолға алудың нәтижесінде, көше бойындағы жиек тастар жаңартылып, су ағатын арықтар орнатылды. Бәйдібектегі орталық көшелер де жаңарған. Онда бүгінге дейін 10 орталық көшенің қақпасы (арка) жаңадан орнатылып, 10 гүлзар бой көтерді. Мұнан бөлек, мекемелердің алдында автокөліктерге арналған 10 автотұрақ салынды. Сондай-ақ, аталған елді мекен көшелерін көркейтіп, көгалдандыру жұмыстары да қарқынды жүргізілді. Мәселен, жыл басынан бері аудан орталығының орталық көшелеріне 2 500 түп ағаш отырғызылып, 7 мың дана раушан гүлі мен 13 мың түп гүлді өсімдіктердің түйнектері егілді.

Серіктес жаңалықтары