216
Америкалық вакцинадан тағы екі адам көз жұмды
Америкалық вакцинадан тағы екі адам көз жұмды
Норвегияда Pfizer/BioNTech коронавирустық вакцинасымен егілген тағы екі ерікті қайтыс болды. Бұл туралы Норвегиялық дәрі-дәрмек агенттігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады.
Екпе алған пациенттердің өлімі вакцинациядан бірнеше күн өткен соң белгілі болды. Жергілікті биліктің одан ары қандай шара қабылдары әзірге белгісіз. Қазіргі уақытта екі өлімнің мән-жайы анықталуда.
Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцинациялау науқаны 27 желтоқсанда басталды. Осло қаласындағы қарттар үйінің тұрғындары егілді.
Бұған дейін португалдық медицина қызметкері Соня Асеведо (Sonia Acevedo) Pfizer/BioNTech коронавирустық вакцинасы егілгеннен кейін 48 сағаттан кейін кенеттен қайтыс болғаны хабарланған болатын. Және бұдан аз уақыт бұрын Афина маңындағы аурухана бастығының орынбасары коронавирусқа қарсы екпе алды және бірнеше күннен кейін өкпені жасанды желдету үшін реанимацияға түсті деген ақпарат пайда болды.