217
«Ақ жол»: Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік болуы керек
«Ақ жол»: Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік болуы керек
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстанға еркін, мықты және өзіне сенімді жастар қажет екені туралы Алматы қаласында жастармен кездесуде мәлімдеді.
Шараға партияның қалалық филиалының төрағасы Қуандық Бисқұлтанов, Мәжіліс депутаттығына кандидаттар: партия төрағасының орынбасары Дмитрий Васильев, “KBT Group” компаниясының бас директоры Азат Сембинов қатысты. Кездесу “KBT Group” компаниясында өтті.
Кәсіпорын басшылығы компания қоймасында экскурсия ұйымдастырды, онда “ақжолдықтар” компанияның жобаларымен және жұмыс жағдайымен танысты.
Сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында Азат Перуашев “KBT Group” жастар ұжымына “Түбегейлі өзгерістер қажет” сайлауалды бағдарламасы туралы айтып берді.
“Жастардың еркін таңдау жасауына мүмкіндік болуы керек. Ойларды еркін ойлау мен таңдаудан шектеу өтірік айтуға үйретуге және тұлға ретінде оған зорлық-зомбылық жасағанмен тең. Мұндай ұрпағы бар ұлт басқаларды алдап, оларға бағынуға мәжбүр болады. Қазақстанға еркін, мықты әрі өзіне сенімді жастар қажет.
Осыдан бір ғасыр бұрын алаштың ардақты ақыны Мағжан Жұмабайұлы “Мен жастарға сенемін” – деп жырлап кетті. Ал біздер, жүз жыл өткен соң неліктен сол жастарға сенбейміз? Неліктен олардың өз таңдауына кедергі жасаймыз? “Ақ жол” демократиялық партиясы жастардың таңдау еркіндігі мен адамдық қадір-қасиетін қорғауды талап етеді”, – деп атап өтті Перуашев.
“Ақ жол” басшысы партияның жас қазақстандықтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі бастамалары туралы айтты. Оған жатақханалар салу қажеттілігі туралы және әр баланың туылуымен ипотеканы субсидиялау бойынша ұсыныстар жатады.
“Ақ жолдың” үгіт-насихат тобы жас сайлаушыларды демократиялық партияның бизнесті қолдау бойынша қазіргі жұмысы мен бағдарламалық міндеттері туралы хабардар етті.
“Пандемияның кесірінен туындаған мәселелерді ретке келтіру үшін “Ақ жол” партиясы салық амнистиясын жүргізуді, шағын және орта бизнесті төлем қабілеттілігі толық қалпына келгенше салық төлеуден босатуды, микробизнес пен “өзін-өзі жұмыспен қамтыған” халықты салықтан толық босатуды ұсынды. Бұл адамдарға өздері жұмыс тауып, еңбек етіп жүргендері, мемлекетке алақан жайып отырмағаны және өз отбасыларын асырап жатқандары үшін алғыс айту керек”, – деп атап өтті А.Перуашев.
Сонымен қатар ол партияның Ұлттық банктің пайыздық мөлшерлемесін 4-5%-ға дейін төмендету, кейіннен екінші деңгейлі банктердің кредиттері бойынша да пайызды төмендету жөніндегі ұсыныстары туралы айтты.
“Елдің әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйелеріне түбегейлі өзгерістер қажет”, – дейді “ақжолдықтар”. Осылайшы партия мүшелері жастарды 2021 жылдың 10 қаңтарында дауыс беруге қатысуға шақырады.
“Ақ жолдың” үгіт-насихат науқаны жалғасуда, демократиялық партия өзінің бағдарламалық міндеттерін жүзеге асыру және сайлаушылардан келіп түскен өтініштер бойынша жұмысын жалғастыруда.