296
Қандағы қант мөлшерін тез төмендететін өнім анықталды
Қандағы қант мөлшерін тез төмендететін өнім анықталды
Ноқатты тұтыну қандағы қант мөлшерінің тез төмендеуіне ықпал етеді. Бұл туралы мамандарға сілтеме жасап Express хабарлады.
Өнімнің бұл қасиеті ақуыз мен жасұнықтың көп мөлшеріне байланысты дейді мамандар. Жасұнық ағзаның көмірсуларды сіңіруін баяулатады, нәтижесінде олар глюкозаға да баяу ыдырайды және тез жинақталып үлгермейді.
Дәрігерлердің сөзінше, бидай негізіндегі тағамды ноқат негізіндегі тамаққа алмастырсаңыз, алты апта ішінде қандағы қант мөлшері едәуір төмендейді.
Сондай-ақ, мамандар бұл өнім салмақ қосуға әсер ету арқылы глюкоза деңгейін қалыпқа келтіруге көмектеседі дейді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, ноқат жеген адамдар өздерін ұзақ бойы тоқ сезінеді және зиянды тағамдарға деген тәбеті азаяды.