«Табыс» шаруа қожалығының иесі, тәжірибесі мол Манат Қажыбекұлы іске енді кіріскен Халелге ақыл-кеңесін беріп, негізі асыл тұқымды мал өсірудің пайдасы мол екенін айтты. Сонымен қатар, оған «Табыс» шаруа қожалығында болып, мал күтімі қалай ұйымдастырылатынын өз көзімен көруді ұсынды.
Айта кетерлігі, Халел Шаяхмет алдағы уақытта «Сыбаға» бағдарламасы арқылы несие алып, тағы 250 қой сатып алмақшы екен. Үміткер Манат Алғамбаров Тай ауылының жаңа тұрғынына табыс тілеп, мемлекеттің шаруаларға жасап отырған қолдауы зор екенін атап өтті.
«Nur Otan» партиясы Екібастұз қалалық сайлауалды штабының
қаржысынан төленді.