240
2021 жылы қаржыны қай валютада сақтаған тиімді – маман кеңесі
2021 жылы қаржыны қай валютада сақтаған тиімді – маман кеңесі
2021 жылы басқа валюталарға қарағанда еуроға инвестиция салған тиімдірек, өйткені еуропалық экономиканың қалпына келуі оң динамиканы көрсетеді. Бұл туралы РИА Новостиге берген сұхбатында BCS World Investment компаниясының қор нарығы бойынша сарапшысы Михаил Зельцер мәлімдеді.
Оның айтуынша, Еуропа экономикасы АҚШ экономикасына қарағанда тезірек өсіп келеді. "Осылайша, еуро 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында долларға қатысты 1,3-ке дейін күшеюі мүмкін. Бұл қаражаттың бір бөлігін еурода сақтау тиімді болатынын білдіреді", — деп түсіндірді маман.
Сонымен қатар, юань, иена және рупияға сұранысты артуы мүмкін дейді Зельцер. Алайда ол бұл валюталарды ресейліктер үшін экзотикалық деп атады. Сарапшының пікірінше, рубльдің де болашағы жарқын. Биыл ол бір доллар үшін 70 рубль және еуро үшін 85 рубль деңгейінде нығая алады. "Алайда, бұл белгілі бір шарттарды қажет етеді: Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы 50 рубльден жоғары көтерілуі және АҚШ пен Еуропаның санкциялар қысымы төмендеуі қажет", - дейді қаржы маманы.