Семей "сары" аймаққа кірді: қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Семей "сары" аймаққа кірді: қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады

Семей "сары" аймаққа кірді: қала әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
ашық дереккөзі
294
Семей коронавирустың таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің Instagram парақшасында хабарланды. Семей қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің хабарлауынша, халықтың 100 мың тұрғынына шаққандағы апта сайынғы сырқаттанушылық және репродуктивті инфекцияның жиынтық индикаторын ескере отырып, Семей Шығыс Қазақстанның эпидемиологиялық жағдайын бағалау матрицасына сәйкес Covid-19 таралуы бойынша «сары» аймаққа кірді. «Осы себепті барлық қауіпсіздік шарасын сақтауларыңызды сұраймыз. Гигиена сақтап, маска тағып, қажеттілік болмаса адам көп жиналған жерлерге бармаңыздар», - деп жазды әкімдіктегілер. Еске сала кетсек, бұған дейін ШҚО-да шектеу шаралары 18 қаңтарға дейін ұзартылған еді. Шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында COVID-19 инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін.  

Серіктес жаңалықтары