COVID-19: Үшінші жалпыұлттық локдаун енгізілді

COVID-19: Үшінші жалпыұлттық локдаун енгізілді

COVID-19: Үшінші жалпыұлттық локдаун енгізілді
ашық дереккөзі
202
Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон коронавирустық пандемияға байланысты елде үшінші жалпыұлттық карантин енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости Джонсон коронавирустың жаңа штаммы "қорқынышты жылдамдықпен" таралып жатқанын айтты. "Үшінші ұлттық локдаун қажет", — деді Үкімет басшысы. Оның айтуынша, сейсенбі, 5 қаңтардан бастап ағылшын мектептері қашықтықтан жұмыс режиміне көшеді, тек "негізгі" мамандық иелерінің балалары, мысалы, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер, өрт сөндірушілер, полиция қызметкерлері, курьерлер, сатушылардың балалары мектептерге бара алады. Азаматтарға үйден серуенге, ауруханаға немесе дүкенге бару үшін шығуға рұқсат етіледі. Ауыр созылмалы аурулары бар адамдарға үйден мүлдем шықпау ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары