520
Мәскеуде Елбасы Н.Назарбаев туралы фильмнің көрсетілімі өтті
Мәскеуде Елбасы Н.Назарбаев туралы фильмнің көрсетілімі өтті
Ресей Федерациясының астанасында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы режиссер С. Снежкиннің «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің көрсетілімі ұйымдастырылды. Шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Марат Тажин, РФ Мәдениет министрі Владимир Мединский, сонымен қатар екі мемлекеттің көрнекті мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты.
Елбасының өмірі мен қызметі туралы фильмнің көрсетілімін Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі ұйымдастырды. В. Мединскийдің арнайы шақыруы бойынша шараға қазақстандық мәдениет ведомствосының басшысы да қатысты.
Фильм сюжеті бойынша Қазақстан Президенті оның өмірбаянын жазу үшін келген ағылшын жазушысы Джереми Вильсонмен кездеседі. Алайда жоспарланған сұхбат журналист пен Елбасымыздың Қазақстан бойынша ұзақ сапарына айналып кетеді. Вильсон қазақ елін аралап қана қоймай, 1950, 86, 89, 91 жылдардағы оқиғалар туралы хабардар болады. Ел картасындағы кез келген жер Президентіміздің өмірінде ерекше орын алады. Публицист Нұрсұлтан Назарбаев баяндаған оқиғалардың қатысушысы мен күәгеріне айналады.
Фильмдегі басты рольді – Елбасы рөлін – танымал қазақстандық актер Берік Айтжанов сомдады. Сонымен қатар фильмнің түсіріліміне Алексей Гуськов, Игорь Угольников, Дарья Мороз, Хью Фрейзер, Сергей Гармаш, Қарлығаш Мұхамеджанова және өзге актерлар қатысты.
Еске салып кетсек, «Жұлдыздар тоғысқанда» биографиялық драмасы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы «Елбасы жолы» кинодәуірнамасының жалғасы болып табылады. Фильмнің Қазақстандағы тұсаукесері үстіміздегі жылдың 26 сәуірінде өтсе, Ресейде алғаш рет ол Мәскеу қаласының Кино Үйінде 16 мамырда көрсетілді.
Фильм көрсетілімі аясында В. Михайлов пен Т. Мансұровтың «Нұрсұлтан Назарбаев» кітабының тұсауы кесіліп, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен Ресей Федерациясы Мәдениет министрлігі 2017-2019 жж. арналған мәдениет саласындағы ынтымақтастық Бағдарламасына қол қойылды.