Ауылдықтардың 75,8% сайлауға баруға дайын – «Астана-Зерттеу» қоры

Ауылдықтардың 75,8% сайлауға баруға дайын – «Астана-Зерттеу» қоры

Ауылдықтардың 75,8% сайлауға баруға дайын – «Астана-Зерттеу» қоры
ашық дереккөзі
379

Сайлау қарсаңында «Астана» телеарнасы «Астана-Зерттеу» қоғамдық қорына өз қаражаты есебінен екінші рет әлеуметтік сауалнама жүргізуге тапсырыс берді. 2020 жылғы 25 мен 30 желтоқсан аралығында мамандар халықтың электоралды көңіл-күйін зерттеді. Қатысушылар сауалнамадағы дайын қысқа сұрақтарға жауап берді. Сауалнамаға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент және еліміздің 14 облысынан 6800 респондент қатысты. Қателік коэффициенті 2,1%.

«2021 жылғы 10 қаңтарда Мәжіліс және мәслихаттың барлық деңгейіндегі депутаттарды сайлауы өтеді. Сіз бұл жөнінде білесіз бе?» – деген сауалға респонденттің 87,9% сенімді жауап берген. Сауалнама қорытындысына сәйкес ауыл тұрғындарының 90,4% сайлау өтетіні жайлы хабардар екенін жеткізген. Ал қалалықтардың үлесі 86,2%. Бір қызығы әйелдер қауымы сайлау жөнінде көбірек білетін болып шықты. Пайыздық үлесі – 88. Ал ер адамдар 87,7% еншіледі. Бұл көрсеткіш 46 жастан жоғары ел тұрғындарын құрайды. Астана-Зерттеу «2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауда дауыс бересіз бе?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 67,4%-ы оң жауап берген. Дауыс беруге дайын екенін білдірген қазақстандықтардың үлесі 9,3%-ға артқан. Әуелдегідей ауыл тұрғындарының арасында электоралдық белсенділік тым жоғары. Ауылдықтардың 75,8% дауыс беруге ниетті. Ал қала көрсеткіші 61,8 пайызға тең. Астана-Зерттеу «Сіз немесе Сіздің отбасы мүшелері қандай саяси партияның кандидатымен, сенімді өкілімен, насихаттаушысымен кездесті?» деген сауалға 62,9% жолыққанын білдірген. Респонденттің 80,5% Nur Otan партиясының өкілдерімен кездескенін атап өтті. Ал 14,2% және 11,9% – «Ақ жол» мен Қазақстан халық партиясына тиесілі. Сауалнамаға қатысқандардың 10,9% «Ауыл» партиясының мүшелерімен кездессе, респонденттердің 7,9% «Adal» өкілдерімен кездескенін атапты. Астана-Зерттеу «Қай саяси партияның үгіт-насихат материалдарын көрдіңіз?» деген сұраққа респондеттердің 82,2% Nur Otan партиясын нұсқаған. 16,9% және 15,4% «Ақ жол» партиясы мен Қазақстан халық партиясын атаған. 13,6% және 7,4% респондент – «Ауыл» мен Adal партиясының үгіт-насихат материалдарын көзі шалғандарын жеткізіпті. Астана-Зерттеу «Егер сіз 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскесіне келген болсаңыз, қай партияға дауыс берер едіңіз?» деген сұраққа 73,7% Nur Otan-ды таңдайтынын білдірген. Қатысушылардың 6,8% және 6,4% сәйкесінше «Ақ жол» мен Қазақстан халық партиясына дауыс береміз деген. Бұдан кейін 4,5% «Ауыл» партиясына тиесілі болса, соңында 3,4% Adal партиясына тиесілі. Әйтседе респонденттердің 5,2% әлі таңдау жасап үлгермеген. Астана-Зерттеу «Астана» телеарнасының тапсырысы бойынша «Астана-Зерттеу» қоғамдық қоры екі рет әлеуметтік сауалнама жүргізді. Ал дауыс беру күні экзитпол өткізеді. https://youtu.be/iL74ILcRnSc

Серіктес жаңалықтары