«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы өтті
«Ақ жол» партиясының «Пошта жәшігі» акциясы өтті
«Ақ жол» партиясының сайлауалды штабы «Пошта жәшігі» акциясын өткізуде. Акция барысында еріктілер мен партия белсенділері тұрғындар арасында үгіт-насихат жүргізуде.
Олар «Ақ жолдың» үгіт-насихат материалдарын сайлаушылардың есігіне дейін жеткізіп, буклеттерді пошта жәшігіне қалдырады.
«Партияның үгіт-насихат жұмысы қызу жүріп жатыр. Штаб мүшелері барлық аймақта іс-шара өткізуде, кәсіпорындардың, жоғары оқу орындарының еңбек ұжымымен кездесуде, қоғамдық қабылдаулар жұмыс істейді», – деп атап өтті Республикалық штаб басшысының орынбасары, Мәжіліс депутаттығына үміткер Айгүл Жұмабаева.
Кандидаттардың айтуынша, кез келген науқанның міндеті – мүмкіндігінше көп сайлаушыларды қамту, «Түбегейлі өзгеріс қажет» сайлауалды бағдарламасының негізгі ережелерін қазақстандықтарға жеткізу.
«Ақ жолдың» астаналық филиалы «Пошта жәшігі» акциясын өткізді, ол республиканың барлық аймағында жалғасын табады.
«Үгіт-насихаттық буклеттерде партияның сайлауалды бағдарламасының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі негізгі ережелері қысқаша баяндалған. Жастар арасынан үгіт-насихат топтары әр тұрғын үшін үгіт-насихат парақшаларын жеткізу мақсатында тұрғын үйлерді үнемі аралап тұрады. «Ақжолдықтар» қазақстандықтардың әр есігі мен әр пошта жәшігіне қол жеткізуге тырысады», – деді партияның Нұр-Сұлтан филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Асқар Смағұлов.