730
Азық-түлік бағасының артуына құрық салына ма?
Азық-түлік бағасының артуына құрық салына ма?
Nur Otan партиясынан депутаттыққа үміткер Бөгенбай Татаев Анатолий Дворакпен жүздесті. Анатолий Мартынович - өңірдегі экология тақырыбын көтеріп жүрген белсенділердің бірі. Зейнеткерлікке шықса да қаланың тыныс-тіршілігін қалт жібермей, өз азаматтық ұстанымын білдіріп, қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүреді.
Бөгенбай Татаев ардагерді Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Ақсақал өз кезегінде азық-түліктің қымбаттап бара жатқанын ескертіп, бағаны құрықтауды тапсырды. Азық-түліктің бас бермес асаудай тұрақтамай отырғаны жұртшылықты алаңдатып отырғаны рас. «Партия халықтың әл-ауқатын жақсартуды басты мәселе етіп қойып отыр»- деді үміткер.