Аудандық мәслихатқа тағы бір үміткер Исатай Құрмашев партияның жеті басым бағытының бірі жастар саясатына арналғанын айтып, ауылдық округтердің белсенді жастарын сайлауалды бағдарламамен, «Жастар – Отанға» бағдарламасының міндеттерімен таныстырды. Жастарды жұмысқа орналастыру, баспанамен қамтамасыз ету, оқу, ғылым жолындағы жастардың стипендиясын өсіру сияқты межелі міндеттер қойылғанын айтты.
Облыстық мәслихатқа үміткер Исатай Ғабдоллин экспромт-кездесу аясында шаруа қожалықтарына барып, ауыл азаматтарын сайлауға қатысып, дұрыс таңдауға шақырса, аудандық мәслихатқа үміткер Екатерина Мөкешева Бисен ауылдық амбулаторияның дәрігерлерімен, «Салтанат» ясли-бөбекжайының ұжымымен кездесіп, елімізде іске асқан жарқын істердің бастаушысы Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырды.
Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы.
Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.