50315
Ақсайда банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген
Ақсайда банк қызметкері бөтен біреудің атына несие рәсімдеген
Батыс Қазақстан облысына қарасты Ақсай қаласында банк қызметкері бөгде адамның сыртынан 5 миллион теңгеге жуық несие рәсімдеген. Бұл туралы Мой город сайты хабарлайды.
Белгілі болғандай, 30 жастағы қызметкер несиені бөгде адамға айтпай, оның келісімінсіз рәсімдеген.
Аталған іс бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.