333
Заң күшіне енді: зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етілді
Заң күшіне енді: зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалануға рұқсат етілді
Бүгіннен бастап «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң күшіне енді.
Бұл Заңға сәйкес, Қазақстан азаматтары Бірыңғай зейнетақы жинақтаушы қорындағы жинақтарының бір бөлігін пайдалана алады.
Заңға сәйкес, 2021 жылдан бастап қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін аталған мақсаттарда пайдалану құқығы берілетін болады.
Зейнетақы жинағының бір бөлігін нақты қажеттілігіне пайдалану құқығын келесі азаматтар пайдалана алады:
- жұмыс істейтін, тиісті жаста зейнетақы жинақтары «жеткіліктілік шегінен» асатын азаматтар;
- сақтандыру компанияларымен БЖЗҚ-да қалған зейнетақы жинақтарының сомасы шегінде өмір бойы аннуитеттік төлемдерді қамтамасыз ететін зейнетақы аннуитеті шарттарын жасасқан адамдар;
- зейнеткерлікке шыққан азаматтар – БЖЗҚ-да қалған зейнетақы қаражатының 50%-ынан аспайтын шекте.