208
Алматыдан 361 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 361 шақырым қашықтықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 1 қаңтар Алматы уақыты бойынша 00 сағат 31 минутта жер сілкінісін тіркедi.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 361 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында орналасқан. Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.1. MPV магнитудасы – 4,6. Тереңдігі – 5 шақырым. Жер дүмпуі Қазақстан аумағында сезілмеді.